ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ӘДЕП – АР-ҰЯТТЫҢ АЙНАСЫ

20:56, 12 шілде 2019

Бүгінде өңірде мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілері азая бастады. Мемлекеттік орган басшыларымен телефонмен сөйлесу барысында әдеп нормалары сақтала бермейді. Қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолдану фактілері тыйылмай тұр. Осы және өзге де мәселелер қаралған Әдеп жөніндегі кеңесте бұл жәйттардың алдын алу барысы қарастырылды.

 Мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тартуға болмайтындығы бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары өз нәтижесін бере бастағандай. Оған рейдтік шаралардың нәтижесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облыстық департаментінің мамандары көз жеткізіп отыр.  Десе де, құрылыс және денсаулық басқармасы аталған талаптарға әлі де бой ұсына алмай жүрген сыңайлы.  Сондықтан, үстеме жұмыстарға тартылған қызметкерлерге өтемақылары төленіп, сыйақы қарастыру міндеттелді.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ / ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ

Одан бөлек, мемлекеттік орган басшыларының телефонмен сөйлесу әдебіне жүргізілген мониторинг қорытындысы жарияланды. Облыстық жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жамбыл Әсембаев, өз кінәсін білместен, сала мамандарына қарсы айбат шекті.

Қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта, яғни демалыс және мереке күндері қолдану деректерін анықтау бойынша алғашқы жартыжылдықта 10 рейдтік іс-шара жүргізілген. Нақ осындай 17 факті анықталып, оның ішінде 14-і полиция департаментімен бірлескен тексеріс кезінде, ал 3-і азаматтардың әлеуметтік желілерде жариялаған хабарламалары бойынша белгілі болды.

Олжас ҚАРЖАУОВ / ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ

Равиль ТӨЛЕБАЕВ / ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ

Әдеп кеңесінде мұнан өзге тағы бірнеше мәселе қаралып, ұсыныстар енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлерге сөйлесу, амандасу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, содан соң шара қолданылса десті әдеп мүшелері. Сондықтан, «Сенім телефоны» бойынша әдептері қаралған Жамбыл Әсембаев пен Тимур Нұрымбетовке әзірге ескерту жасалды. Ал, қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта қолданудың алдын алу бойынша ЖПС қондырғыларын орнату және такси қызметін қарастыру жайы сөз болды.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Өміртай ЫБЫРАЙ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар