ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӘДЕП КЕҢЕСІ

20:52, 10 сәуір 2019

Кейбір мемлекеттік мекемелердің басшылары арасында бюрократтық әрекеттер әлі де басым. Қызметкерлермен санаспайтын, олардың талап-тілегін жүре тыңдайтындардың тірлігі  арнайы жүргізілген сауалнамадан белгілі болып отыр. Мұндай  қызмет этикасын сақтамайтындардың көшін Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі мен қазынашылық департаменті бастап тұр.

Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы да «көштен» қалар емес. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында осы және өзге де мәселелер қаралып, бірқатар мекеме басшыларына тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Ары қарай осы жиынға қатысып қайтқан тілшіміз Аягөз Тілеуханқызы тарқатып айтсын.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің тәуелсіз қызметі мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізген. Мұндағы мақсат – тиісті мемлекеттік орган басшыларының қарамағындағы қызметкерлерге деген этика нормаларын сақтау деңгейін анықтау. Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды зерделеу жұмыстары облыстың барлық мемлекеттік органдарында жүргізілген. Сауалнамаға 31212 қызметкер тартылып, респонденттерге 10 сұрақ қойылған.

Жасұлан ӘБДІМАНАП – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Қатардағы қызметкерінің пікірін назарға ала бермейтіндер тағы да сол алғашқы аталған үштік болып шықты. Яғни, сауалнамада  теріс жауаптардың ең көп саны осы мекемелерде қалыптасқан. Қарапайым қызметкердің құқықтарының тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз етуді көздейтін мұндай сауалнама енді әр тоқсан сайын жүргізілетін болды.

Равиль ТӨЛЕБАЕВ – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ

Бюджет қаржысын игеру керек болды, деп ақталған  Тараз қалалық тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Сәкен Жұманқұловтың да ісі әдеп кеңесінде қаралды. Басшыға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында саябақтарда полиция пунктері мен бейнекамераларды орнату тапсырылған. Ол үшін бюджеттен 25 млн теңге бөлініпті. Алайда, орындалмаған  жұмысты қабылдап,  акт жасап,  осыншама қаржыны «Жасыл елдің» шотына аударып жіберіпті.

Сәкен ЖҰМАНҚҰЛОВ – ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері басшының басында бұған дейін тәртіптік жазаның болмауын ескере отырып, оған қызметіне толық сәйкес емес туралы жаза тағайындауды ұсынды. Кеңес отырысында мұнан өзге білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және өзге бірқатар мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар қабылданды.

А. Тілеуханқызы, Т. Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...