ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕГІН ЕКСЕҢ ЖҮГЕРІ ЕК

19:25, 1 қазан 2019

 

Қордай ауданы Жамбыл облысындағы жүгері өсіру ісінде әбден маманданған өңір. Онда жүгері дақылын көбіне мал азығы ретінде пайдаланады.

 Биыл ауданда 2000 гектар жерге жүгері дақылы егілді. Солардың бірі Қарасай ауылындағы элиталық «Семинталь Май    ами» жүгері тұқымын еккен «Мерей» шаруа қожалығы.

Биыл 130 гектар жерге жүгерінің элиталы тұқымын еккен «Мерей» шаруа қожалығы күннің ыстық болғанына қарамастан жақсы өнім алды. Оның үстіне Қордай ауданының таулы аймағында орналасқан Қарасай ауылының жері мен табиғаты жүгері дақылын өсіруге қолайлы келеді. Сондықтан, бұл ауылдағы 120 шаруа қожалықтың тең жартысы жүгері өсіреді.

Мұнда ағын судан проблема жоқ. Себебі Қырғызстан Республикасымен шекаралас орналасқан. Тіпті, шекара маңына ауыл тұрғындары өз күштерімен шағын көл жасатып, суды сонда жинайды. Тоғанды керек кезде отырады. Су бар жерде тіршілік бар демекші, мына алқаптардың жайқалып тұрғандығы соның арқасы.

Айдар ЖЫЛҚЫБЕКОВ «МЕРЕЙ» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ

Жүгері дақылының халық шаруашылығында маңызы зор. Оның 25- пайызы адамға азық-түлік ретінде қолданылса, 75- пайызы мал азығына дайындалады. Бұрын алма өсірумен даңқы шыққан Қарасай ауылында қазір осы бағыттағы жұмыстармен айналысушылардың саны артты.

Күлжахан ЕЛЕМЕСОВА ҚАРАСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Биыл 130 гектар жерден мол өнім алуды көздеп отырған «Мерей» шаруа қожалығы келесі жылы алқап көлемін 200 гектарға жеткізгелі отыр. Өйткені, шаруа жүгері дақылынан да мол табысқа кенелуге болады деп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...