ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕГІН ЕЛДІҢ ЫРЫСЫ

15:38, 9 шілде 2019

Ақ егісті ору науқаны маңызды кезең. Биылда бұл науқан қызу жүріп жатыр.Ал, Жамбыл ауданында өңір басшылары шалғайдағы алқаптарға барып, биылғы егін орағының барысымен танысты. Іңкәр Сүлейменнің бейне материалы

 Не ексең соны орасың дейді диқандар даналығы.  Аудан көлемінде 13 500 га ақ егіс егілген. Соның бірі «Қызыл диқан» өндірістік кооперативінде 1200 га алқап бар.  650 га арпа, 550 га бидай егілген. Шаруалар астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде.

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ  ЖАМБЫЛ  АУДАНЫНЫҢ  ӘКІМІ

 Қазіргі таңда техника араласпайтын сала жоқ. Аудан бойынша ақ егісті ору науқанына 40 комбайн жұмыс істеуде. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген.

 Биыл шаруалар үшін ырысты жыл  болғалы тұр. Өйткені көктем жауын – шашынды болып, күн ерте жылығандықтан арпа-бидай көп жерде бітік шыққан. Жамбыл ауданының диқандары биылғы өнімді былтырғыға қарағанда   2 есе мол түседі деп болжап отыр.

Іңкәр Сүлеймен, Сапар Серікұлы «ЖҚ» Жамбыл ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар