ШҰҒЫЛ! ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ Толығырақ

ЕГІН ОРАҒЫ БАСТАЛДЫ

13:20, 12 шілде 2018

Биылғы қуаңшылыққа қарамастан Әулиеата дихандары егістен жақсы өнім алуға ниетті.  Облыста шілденің бірінде басталған орақ науқаны қазір барлық аудандара жалғасуда. Көппен бірге Меркілік шаруалар да іске кірісті.

Шілденің шіліңгір ыстығына қарамай егістікті толықтай жинап, мол өнім алу шаруалардың негізгі мақсаты. Ауданның табиғаты да егін егуге қолайлы.    Әзірге мыңдаған га  егіс алқабы орылды. Ауданда барлығы 42 мың  га егіс алқабы болса, оның 19мың 450 га  бидай, 22 мыңдайы арпа. Сонымен қатар,  жалпы егін оруға 167 комбайн жұмылдырылып отыр. Тәлім  жердің өзінде түсім жаман емес. Жоспарлы өнім бойынша  гектарына 20 центнерден алу көзделсе, қазіргі кезде га 19 центнерден айналуда.  Меркілік  диқандар егінді  толық жинап алысымен, жақын маңдағы  алқаптарда да еңбек көрігін қыздыра түсіп, бүкіл  науқанды ұйымшылдықпен аяқтауды жоспарлап отыр.

НҰРБОЛ ШАДЫБАЕВ КОМБАЙНШЫ.  \Мына қол тиген жаңа техника жақсы шабады, ішінде барлығы да бар, бәрі жақсы. Басшымыз да жағдайымыздың барлығын жасап отыр. Жыл сайын сыйлығымыздың бәрін береді. Биылғы өнім жақсы.\

АЯН ЕРМЕКҰЛЫ, ЛЯЗЗАТ СЕРІКБАЙ, ЕРКІН ЖАСЫБАЕВ   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
21:55, 14 қараша 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЛАТЫН ҚАРПІНДЕ ДИКТАНТ ЖАЗДЫ
Толығырақ...
ТАРИФТІ  ТӨМЕНДЕТУ – ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА
20:30, 14 қараша 2018
ТАРИФТІ ТӨМЕНДЕТУ – ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар