ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕГІН ОРАҒЫ БАСТАЛДЫ

14:35, 3 шілде 2019

Аймақта егін орағы науқаны басталып кетті. тіптен кей өңірлерде бұл жұмыс бел ортасына келіп қалды.  Меркілік шаруалар да биыл мол өнім алуға ниетті. Оған себеп те жоқ емес.

Мысалы,  «Сыпатай- Батыр" шаруашылығы  былтыр күзде 100 га жерге франциялық эвклит бидай тұқымын еккен.  Осыған дейін шаруашылық арпа дақылынан гектарына  35 центнерден өнім алса, бидайдан 65 центнерге дейін өнім  аламыз деп отыр. Шаруашылықта «класс» атты шет елдік комбайндар жұмыс істеуде. Ол астықты шашпай-төкпей жинап алуға мүмкіндік беретін қуатты техника. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биыл егістен мол өнім алу көзделуде. Оған ауа райы да қолайлы болып тұр. Бұл ұжым бидайдан бөлек 300 гектар жерге қант қызылшасын да еккен. Одан гектарына 800 центнерден өнім алу жоспарланып отыр.

Қанат ШАЙХИЕВ  -  "СЫПАТАЙ БАТЫР" ЖШС ЖЕТЕКШІСІ

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар