ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

18:25, 13 тамыз 2019

Қазіргі таңда Жамбыл ауданында 30-ға  жуық ірі шаруақожалықтар бар.  Барлық  шаруашылықтар аудан экономикасының дамуына  үлес қосуда. Соның бірі «Тимофеев» шаруақожалығы. Шаруашылық егін және мал шаруашылығына бағытталған.

Ауданда ірі шаруақожалықтардың бірі Андрей Николаевич жетекшілік ететін  «Тимофеев» шаруа қожалығы.  Кәсібін тоқсаныншы жылдардан бастаған шаруашылықта қазір төрт-түлік малдың бәрі бар. Оған қоса үй құстарының да бірнеше түрін асырайды. Андрей Темофеев кәсібінің көзін тапқанына қуанышты.

Андрей Тимофеев –кәсіпкер   (Біздің жоспарымыз, яғни алдын-ала болжаммен егістің 1 қатарындағы салмақ ү үлесін өлшеп көрдік. 470 центнер жүгері жобамен гектарына аламын.   2 мың тонна  қысқы азығымыз жиналады ).

Шаруақожалық иесі  сиыр, жылқы, қой мен шошқаға дейін өсіруде. Еңбек түбі – береке демекші шаруа қожалықтан табысын тауып, отбасын асырап отыр. Жағдайы төмен отбасылар мен жетім балаларға қайырымдылық жасап тұрады. Кәсібін өз жанұясымен бірігіп  жүргізуде.Сонымен қатар   арнайы  дүкендері арқылы айран, сүт, ірімшік, құрт пен май және ет сатып, халыққа табиғи таза өнім ұсынуда.

Еркебай  РСАЛИЕВ          ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Шаруашылықта  200га күздік бидай, 500га арпа  және 45 га  будандық сортты  жүгері егілген.  Қазіргі таңда жүгеріні мал азығы үшін арнайы шұңқырға тасымалдауда. Төрт түлік өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер өрісін әрі қарай дамытуды жоспарлап отыр.  

 

Іңкәр Сүлеймен, Сапар Серікұлы «ЖҚ» Жамбыл ауданынан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар