ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

20:34, 19 шілде 2019

Әулиеаталық дихандар биыл 330  мың гектарға жуық алқаптан астық жинайды. Бұған дейін де айтқанымыздай, қолайлы ауа райы мол өнім жинауға мүмкіндік беріп отыр.

Ал, қазір егін  орағы қызған шақ. Маңызды науқанның барысымен облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев Тұрар Рысқұлов ауданына арнайы  барып танысты. 

Тұрар Рысқұлов ауданында 40 мың гектардай алқап орылып үлгерген. Нәтижесінде қырманға 90  мың тоннадан астам астық жиылыпты.  Әр гектардан алынған өнім көлемі орташа есеппен 22,5 центнерді құрайды. Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев аудандағы  қожалықтардың жұмыс барысымен танысты. Ал шаруалар  озық техникаларының арқасында өнімдерін жақсы жинап жатырмыз дейді.

Мұратхан ШҮКЕЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы биылғы жылы ауданда 106,9 мың гектарға масақты дәнді дақыл егілген. Оның 4,6 мың гектары «Ақтоған», 4,1 мың гектары «Ернұр» шаруашылықтарына тиесілі. Ал, 10,1 мың гектар алқап «Луговой жылқы зауыты» серіктестігінің үлесінде.

Александр  ЛЕНИК – «ЛУГОВОЙ ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
/Жалпы биыл 10 гектар жерге асытқ егілді.Өздеріңіз көріп тұрғандай комбайн соңғы жұмысын аяқтады.Орта есеппен жиналған өнім 24 центнерді құрады.Жалпы жиналған өнім жаман емес./

Тынымсыз еңбектің арқасында егінін теңіздей тербелтетін  құландық шаруалар, жемісті еңбек етіп, мол өнім жинайды.  Енді диқандардың басты міндеті межені орындап, табысты еселеу.  

К.Шәмші, Талғат Досмембетов ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
21:12, 13 желтоқсан 2019
ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
19:05, 12 желтоқсан 2019
ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...