Әйел мен бала құқығы қорғалуы керек

14:40, 7 желтоқсан 2017

Әйел азаматтарының құқығын қорғау- қоғамның алдындағы үлкен міндет. Нәзік жандыларға көрсетілетін зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында түрлі іс- шаралар да ұйымдастырылып келеді. Соның бірі жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізілетін «Әйелдерге қатысты зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы. Толығырақ тілші тарқатады.

Қоғамда қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың орын алып жатқандығын көз көріп, құлақ естіп жүр. Отбасылық ұрыс-керіс, нәзік жандыларды ұрып соғу шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осыған орай ұйымдастырылып отырған республикалық акцияның мақсаты қыз-келіншектерге жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығының заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету. Оны Тараз қаласының Ішкі істер бөлімдерінің  әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері мен «Отандастар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Анар Мұсаева, тараз қалалық ішкі істер басқармасы әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы

Біз әйелдердің өз құқығын қорғай алуын, отбасылық жанжалдардың қылмыстық жолмен аяқталуын болдырмау мақсатында осы акцияны өткізіп отырмыз.

Әйел азаматтардың көрген қорлығын жасырып қалуынан зорлық-зомбылықтың алдын алу мүмкін болмай жатыр дейді тиісті мамандар. Өйткені оның салдары  қылмыстық жағдайға немесе өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, сол отбасында тәрбиленіп жатқан балаға бұл үлкен психологиялық соққы әкеледі. Дегенмен де, былтырғы жылмен салыстырғанда келіп түскен арыздардың саны 8 пайызға төмендеген.Акцияны ұйымдастырушылар қатысушыларға өз құқықтарын қорғай білуге шақырып, оларға сенім телефондарың нөмірі жазылған үн-қағаздар таратты.   

Ләззат Әбушахматова, Тараз қаласының тұрғыны

Менің жақын танысым бар. Ол әйел 7 баланың анасы. Бірақ күйеуінен күнде таяқ жейді. Ол оған күн көрсетпейді. Мен талай рет көмектестім. Жалғыз өзімнің шамам жетпейтінін білем. Бүгін міне сенім телефонын алдым, тиісті мамандармен сөйлестім. Енді оған көмек бере аламыз деп ойлайм

Акция тек қалада ғана емес барлық аудан мен елді-мекендерде өткізілуде.

Шырайлым Болатбекқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар