ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР

19:27, 1 қазан 2019

 

Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер- азамат- қазақта – ата- ананың отын тұтатушы, шаңырақ иесі саналады. Сондықтанда әке абыройы қашанда биік тұғырынан түспеген.Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен «Әкелер мен балалар» ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылды.

Қазақ филологиясы кафедрасы жанындағы «Жасын» әдеби шығармашылық бірлестігі қашанда іденіс үстінде, игі істің қасынан табылады. Бұл шараның  көздегені үлкендер мен жастар арасындағы байланыстың әлсіреуіне жол бермеу, ортақ проблемалардан шығудың жолын қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін ашық әңгіме алаңына қонақ ретінде төрт буын өкілдері; үлкен, орта, кіші буынмен қатар енді ғана үлен өмірге қадам басқан студенттер қауымы шақыртылғын.

Ашық әңгіме алаңында  қонақтардың ой- пікірлерімен қатар, «Жасындық» жас ақындар өз өнерлерін ортаға салды. Шара барысында жиырмаға жуық жас ақындардың өлеңдер жинағы басылған «Жастықтың оты- жасын жыр» атты латын қаріпінде жарыққа шыққан кітаптың тұсауы кесілді. Мұндай маңызы бар кездесулер мен ашық пікір алысудың, бізге де берері мол дейді білімгер жастар. 

Әкенің мінез- құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнер білімі баланың көз алдындағы үлгі- өнеге алатын нысаны. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелеген. Бұгінгі шарада қамтылған басты тақырыпта осы – ұрпақтар сабақтастығының өзегін жоғалтпау болды.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...