ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕКІЖАҚТЫ КЕЗДЕСУ

22:39, 13 маусым 2019

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен де кездесті. Қазақ-қытай қарым-қатынасындағы басты бағыттардың бірі: тауар тасымалы. Алыс-берісті арттыруды көздеген қос ел келіссөздерге дайын екенін көрсетті. Айта кетейік, ертең Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының он тоғызыншы отырысы өтеді. Ұйымға мүше елдер Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан мен Пәкістанмен қоса жиынға бақылаушы бес мемлекет өкілдері қатысады. Саммитте халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерден бөлек, Шанхай ынтымақтастық ұйымының келешегі үшін қажет қадамдар қарастырылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар