ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ МАМАНДАРЫ ДОНОР БОЛДЫ

20:23, 6 маусым 2019

Донор болу сауапты іс.  Осындай шарапатты шарадан шет қалмайтын облыстық эканомикалық тергеу департаменті мамандары бүгін қан тапсырып, донор болды.  Аталған мекеменің мүмкіндігіне қарай қан орталығы дәрігерлері жылжымалы бригадамен келген.

Игі шара 14 маусым Донор күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қан орталығына өз еріктерімен  өтініш берген  экономикалық тергеу департаменті  ұжымының бастамасы өзгелерге сабақ боларлықтай. Жұмысбасты қызметкерлердің  мүмкіндігін ескерген дәрігерлер арнайы құрал-саймандарымен өздері келген. Таң сәріден  қан тапсыруға кезекке тұрған қызметкерлер алдымен қан тобын анықтап, денсаулығын жіті тексертуден өткізді.

Елдар ҚАПАРОВ ЖЕДЕЛ УӘКІЛ

Серік ӘЛЖАНОВ  ДЕПАРТАМЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ

Қызметтерінің қИындығына қарамастын мұнда 15 жылдан бері үнемі донорлыққа ат салысып жүрген азаматтар да бар.  Қан тапсыру арқылы өзгелердің өмірін сақтап қалуға болады. Одан бөлек денсаулыққа да пайдасы зор. Сондықтан да мұндай акциялар өзге де мемлекеттік  мекемелерде де жалғасын табары анық.

Данияр АХМЕТЖАНОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жүзден астам маманы бар мекемеден бүгін жиырма беске жуық адам қан тапсырып,  көпке көмек қолын созды.

Райхан Шәлібекқызы, Нұрлыбек Құдияр «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар