«Ел қорғаны» наградасы табысталды

19:41, 15 тамыз 2017

Жыл басында ҚР Қорғаныс министрлігі қызмет бабында зор жетістікке жеткен әскери қызметшілерді марапаттауға арналған «Ел қорғаны» медалін бекітті. Награда ерекшеленген әскери қызметшілерді марапаттауға арналған. Сонымен қатар Қарулы күштеріміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға үлес қосқан ел азаматтары да марапатталатын болады. Ал біздің өңірде атаулы мәртебеге кім лайық?

Биыл алғаш рет тағайындалған 1,2 дәрежелі марапат ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына орай қорғаныс саласында қалтқысыз қызмет етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосқан небәрі санаулы азаматтарға табыс етілді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан атаулы наградаға лайық деп техник  Манатбек Дүралиев табылды.

Манатбек Дүралиев, аға техник

Биылғы жыл мен үшін сәтті жыл болды. Мен өзім мақтан тұтамын осындай 85395 ӘБ-де қызмет ететіндігіме. Сонымен қатар, мінсіз қызмет үшін медлінде алдым. Алдымдағы мақсатым еліме, жұртыма адал қызмет етіп, ел тыныштығы үшін ақтық қаным қалғанша күресемін деп ант етемін

Байзақ ауданы, Абай ауылының тұрғыны, 35 жастағы Манатбек  2000 жылы алғаш рет әскер қатарына алынып, 2002 жылдың 9 қарашасынан бері жауапкершілігі мол салада адал қызмет етіп келеді. Бүгінде 5-ші бригаданың 85395 әскери бөлімі 2-ші мотоатқыштар ротасының аға технигі. 17 жылдан бері өз ісіне адал, міндеттерін мінсіз атқарып келеді. Ұжымында да сыйлы, алдыңғы қатарда.

Талғат Нағашбеков, майор

Өз қол астындағы әскерилерге бар білгенін үйретіп, үнемі қол ұшын созып жүреді.Ұжымда сыйлы, сондықтан тағайындалған марапат өте орынды деп есептеймін

«Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер» деп бекер айтпаса керекті. Салмағы үлкен алғыс алғасын, әскери қызметшінің лауазымы да жоғарылады. Тек қызметте ғана жемісті еңбек етіп қана қоймай, отбасында да үлгі-өнеге көрсетер әке. Екі ұл-қыз тәрбиелеп отырған азамат өзіне жүктеген міндеттерді мінсіз атқарып,  сенімге селкеу түсірмей, бұдан да биік белестерден көрінетіндігіне сеніммен қарайды. Ал бұл әрдайым өзге әріптестеріне үлгі болады.

Гаухар Рысбай, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...