ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

18:58, 3 маусым 2019

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әулиеталық әлеуметпен кездесті. Мемлекет басшысы жиында  соңғы жылдары өңірдің  әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің жақсарғанын айтты. Сонымен қатар, атқарушы биліктің Үкіметпен бірлесе отырып шешуі тиіс нақты тапсырмаларды атап көрсетті. Бірінші кезекте билік  жұмыссыздықпен күресті күшейту қажет, деді Президент. Өңірдегі өнеркәсіптің зор мүмкіндігін пайдалана отырып,  инвесторлар тартудың маңыздылығына тоқталды.  Сондай-ақ, аймақтағы аграрлық секторды алға бастыруға  көңіл бөлу керектігін тапсырды. Туризм индустриясын дамыту, денсаулық және білім сапасын жақсарту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қазына қаржысының әрбір тиынына қатаң қадағалау сынды мәселелермен облыс әкімі айналысу керектігін міндеттеді. Ары қарай рет –ретімен тілшіміз Аягө Тілеуханқызы тарқатады.

Сан ғасырдың куәгері құтты мекен  көне Таразға деген құрметім ерекше, деп сөз бастаған Президент, елдің жағдайымен танысып, халықтың тұрмысын  көзбен  көру үшін Жамбыл облысына арнайы келгенін айтты. Жалпы, өңірде бірқатар оң жұмыстар атқарылған. Соңғы жылдарда Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жалпы, жақсы. Өсім бар. облыстың әлеуеті мол.  Дегенмен, өңірде түйіні тарқалмаған бірқатар мәселелер де бар. ең алдымен, облыста жұмыссыздықпен күрес мәселесі кезек күттірмейді. Аймақтың өнеркәсіптік және аграрлық мүмкіндіктері зор. Дегенмен, аймақ республикалық бюджетке айтарлықтай тәуелді болып отыр. облыстағы орташа жалақы мөлшері елдегі ең төменгі көрсеткіштің бірі.

  1. Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті Өңірдің әлеуметтік дамуы және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі. Бірінші маусымнан бастап, табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Жамбыл облысының кәсіпорындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Азаматтардың табысы лайықты жалақы төлейтін жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты. Қазір еңбекке жарамды үшінші тұрғын өзін өзі қамтыған. Олардың табысы жоғары деп айту қиын. Сондықтан, барлық деңгейдегі әкімдерге осы мәселені ескертемін. Сіздердің басты міндеттеріңіз жаңа жұмыс орындарын ашып, халқты қызметпен қамту. Жұмыс орындарын ашуда бизнестің ролі жоғары. жуырда ғана өткен ұлттық инвесторлардың кеңесінде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 2025 жылға қарай 35-40 пайызға жеткізуді тапсырдым. Бұл мақсатты орындауға әр аймақ үлесін қосуы керек.

Президент өңірдегі өнеркәсіптердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігін айтты.  Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіне, әсіресе, химия кластеріне ірі инвесторларды тарту маңызды. Аграрлық секторды сапалы дамыту – мемлекет басшысы айтқан тағы бір тапсырма.  Елбасы еңбек өнімділігін және өңделген ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге ұлғайту туралы мақсат қойды. Облыстың географиялық жағдайы барлық жағынан қолайлы.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті Бұл өте жақсы мүмкіндік. Облыста қант қызылшасы және жеміс-көкөніс дақылдарының көлемін көбейтуге мол мүмкіндік бар. Үкімет келесі жылдан бастап шетелден әкелінетін шикі қант құрағына импорттық баж салығын салу туралы шешім қабылдады. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы және жеміс-көкөніс дақылдарының егістік көлемін ұлғайту және өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыруды тапсырамын. Облыста ауылшаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жолға қойылған. Сүт өндіруші кәсіпорындардың жүктемесі 38 пайыздан 50 пайызға, ет өңдеуші кәсіпорындардың 19-дан 35 пайызға артқан. Ауылшаруашылығы министрлігі аталған басқармаға мемлекеттік қолдау көрсете отырып, басқа өңірлерге тарату қажет. Сондықтан, облыс әкімдігі агросектордағы азаматтармен үнемі басйланыста болып, қолдау көрсетуі қажет.

Өңірде туристерді қызықтыратын тарихи орындар жеткілікті. Бес нысанға ЮНЕСКО тарапынан халықаралық дәреже берілген. Демек, облыста туризм индустриясын дамытуға мүмкіндік жетеді. Президент әлемдегі әрбір 10-шы жұмыс орны туризм саласымен байланысты екендігін айтып, бұл бағытқа ерекше көңіл бөлу қажеттігін міндеттеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті Үкімет туризм саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдады, оған ең маңызды он туристік нысан кіреді. Оның екеуі Алматы өңірінің таулы .... ал, Түркістанның тарихи мәдени туристік орталығы ЖО мен шекаралас орналасқан. Өңірдің тарихи-мәдени маңызын ескере отырып, ЖО ның әкіміне 3 облыс аумағымен өтетін жаңа Жібек жолы экспедициялық маршрутының Алматы-Түркістан-Жамбыл туристік инфрақұрылымын дамытуды тапсырамын. Аймақтың туристік қуатын арттырып, инвестиция тарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесіп дамытуға күш салуы керек.

    Қасым-Жомар Тоқаев облыстың білім беру және денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру қажеттігін айтты.  Жалпы облыс халқының денсаулық көрсеткіштері қалыпты. Енді алғашқы медициналық санитарлық көмек желісін халыққа жақын жерге орналастыру қажет. Президент аймақтар арасындағы алшақтықты азайту- маңызды мәселе екендігін атап көрсетті. Сондықтан, барлық облыстарды, соның ішінде Жамбыл облысының дамуына баса назар аударылатынын жеткізді.  Облыстағы қылмыс көлемін азайту,  жемқорлыққа қарсы күрес саясатын күшейту, есірткі бизнесімен күрес те қоғамдағы қолға алынуы тиіс жайттар.  «Жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын тиімді жүзеге асырудың маңызы зор. Жемқорлықты жою – барлық деңгейдегі әкімдер жұмысының негізгі көрсеткіші болмақ. Кез-келген мемлекет келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жастарды қолдау -мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі болып қалда бермек. Жастар жылы аясында қолға алынған тың бастамалар кейін де жалғасын табады, деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті Жастар үшін ашық әлеуметтік лифт қалыптастыру. Президент тапсырмасына сай, президенттің кадрлық резервы жасақталады. Оған арнайы байқаулар арқылы ең үздік 300 маман іріктелетін болады. жас басқарушылар легі мұнымен шектелмек емес. дарынды жастарды тауып, мемлекеттік қызметке араластыру керек. Қазақстанда ондай білімді жастар жеткілікті «Болашақ» бағдарламасы аясында 100 мыңнан астам жас әлемнің ең үздік оқу ордаларында білім алып келді. Әкімдіктердің жанындағы жастар кеңесі олардың қызмет бабындағы өсуіне қажетті баспалдақ болуы тиіс. «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жастардың бизнес бастамалары мен старт –ап қолға алынуы керек.

 Осылайша, Қасым –Жомарт Тоқаев, тоғыз нақты міндетті нақтылап  берді. Бұларды шешуге аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың білімі де, тәжірибесі де сол деп, сенім білдірді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесуде президентке ұсыныс айтқан азаматтардың барлығына тиісті жауап қайтарылды.  Ал жиын соңында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар ҚР Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды.

А. Тілеуханқызы, Е. Асаубаев, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар