Елбасының еңбегін елі бағалайды

16:51, 22 маусым 2017   442

Халықаралық маңызы зор нысандарға көшбасшы есімін беру үрдісі кез-келген елдің тарихында бар. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, азуын айға білеген елдерді мойындатқан Елбасының еңбегін елі жоғары бағалайды.  Сондықтан да, ел дамуы жолында  бар ақыл-парасатын, күш-жігерін жұмсап келе жатқан біздің елдің Көшбасшысы – Елбасының есімімен Астана халыралық әуежайын атауға әулиеаталық ардагерлер де бірауыздан қолдап отыр.

Күләш Әбдікешова – Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

/«Елдің атын ер шығарады» деген сөз тегін айтылмаса керек. Ел болуымызға, ширек ғасыр уақыт ішінде дамыған 50 елдің қатарынан орын алуы, ол белесті бағындырған соң озық отыздықтан ойып орын алу міндетін шешуді алға мақсат еткен Елбасының көреген саясатын бәріміз бүгінде көріп, біліп отырмыз. «Ең алдымен экономика, содан кейін саясат» деген мақсатты алға қойған Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, Қазақстанның экономикасының өсіп, мәдениетінің гүлденуіне қаншалықты үлес қосып, күш-жігерін жұмсап келе жатқандығының куәгеріміз. Елордада өтіп жатқа. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің ағылуы, мемлекет басшыларының келуі Елбасының еңбегінің жемісі деп білеміз. Және оны орынды бағалаймыз. Сондықтан да Астана халықаралық әуежайының атын Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атауды өте дұрыс шешім деп өз басым ойлаймын және облыстың, қаланың ардагерлері бұл шешімді толығымен қолдайды деп сенемін/.

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40