Елдік мұрат жолында

20:13, 23 маусым 2017

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филалының мүшелері «Қазфостат» минералды тыңайтқыштар зауытының қызметкерлерімен кездесті. Партия мүшелері биылғы жылдың басты құжаты саналатын Елбасы Жолдауының басым бағыттары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін түсіндірді.

Баяндамашылар өз сөздерінде  инновация тақырыбына ерекше ден қойды. Өйткені, Елбасы кезекті халыққа Жолдауында мемлекетіміз бәсекеге қабілетті болуы үшін жаһандық жаңалықтарды игеру қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Жиында сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту, әлсіз топтарды  жұмыспен қамту, халықтар арасындағы достықты нығайту бағыттары сөз болды. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап өз күшіне енетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы да айтылды. Мәселен, әрбір мекеме қызметкерінің жалақысының 1 пайызы қорға құйылып отырады. Осылайша, жыл сайын медициналық сақтандыру қорына бөлінетін ақша көлемі бірте - бірте артуы тиіс. Жиынға қатысушылар емханада бұрынғыдай ұзын-сонар кезек болмайды. Барлығы алдын ала тіркелген, кім қайда емделетінін де өзі таңдай алатындығын зауыт қызметкерлеріне егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Арын Асқарбеков, «Нұр Отан» партиясы тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

/Бұл енгізілгелі отырған жүйенің маңыздылығы әр жекелеген азаматтың өмірін медициналық сақтандыру болып табылады. Өркениетті елдерде бұл жүйе бұрыннан бар. Біз енді, соны өзіміздің елдің ерекшеліктерін ескере отырып жасап отырмыз./

Шырайлым Болатбекқызы, Ғалымжан Есенбаев, Жаңалықтар қызметі 

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...