ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

13:39, 8 қараша 2018

 

Тараз қаласындағы  тұтынушылардың елу пайызына жуығында электр есептегіш құралдары ауыстырылған.. Осы және өзге де мәселелер өңірдегі электр тасымалдаумен және өндірумен айналысатын мекемелер тарапынан атқарылып жатқан инвестициялық жобалардың жария тыңдалымында айтылды.

Электр энергиясы саласына қыруар қаржы жұмсадық дегенді айтады монополистер. Алайда, кезегін күткен тірлік көп. Тұтастай алғанда, техникалық сараптама деректері бойынша аймақтағы трансформаторлық подстанциялардың басым көпшілігі ескі, қайта қалпына келтіруді немесе жаңартуды қажет етеді. Қазіргі таңда, ең өзекті мәселенің бірі Тараз қаласындағы 6-10-0,4 кВ кабельді электр желісін жаңғырту болып отыр.Себебі, қазір электр энергиясын пайдалану көлемінің өсуіне байланысты қажетті электр энергиясын тасымалдауға қауқарсыз. Соның салдарынан Тараздағы электр тұтынушыларын керекті электр жарығымен қамтамасыз ете алмауда. Мамандардың айтуынша, биыл осы кабель желілерінің 19 жарым шақырымы қайта ауыстырылыпты. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде серіктестік сондай-ақ, электр тарату пунктінің жаңа ғимараты соққан. Нақтылы кезеңде Жамбыл электр желілері жыл сайын қайта қалпына келтіру жұмыстарын кезең-кезеңмен жүзеге асырып отыр.

Жандос СЕМБИЕВ - «ЖАМБЫЛ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ» ЖШС ӨНДІРІСТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЗ СУҒА 540 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН,  БЮДЖЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ДЕҢГЕЙІ ЕНГІЗІЛЕДІ
20:36, 22 сәуір 2019
АУЫЗ СУҒА 540 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН, БЮДЖЕТТІҢ ТӨРТІНШІ ДЕҢГ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
21:22, 18 сәуір 2019
2,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ЖҰМЫСЫ НЕГЕ БІТПЕЙ ТҰР?
Толығырақ...