ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ПОРТАЛ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

18:38, 6 наурыз 2019

Тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, электронды түрде өздеріне керек анықтамаларын алуына болады. Ол үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған Egov порталын  немесе мобильді телефоныңызға Mgov қосымшасын жүктеу арқылы барлығын жүзеге асыра аласыз.  Толығырақ Аян Ермекұлы айтып береді.

Электронды портал барлық жағынан тиімділігін көрсетуде. Өйткені, көпшілік орында кезекке тұрмай-ақ, шұғыл түрде тиісті анықтамаларды алуға жол ашуда. Egov, Mgov, Telegramm сынды порталдар дәйектің дәлелі. Сонымен қатар, бүгінде базарлар мен сауда орындарында, электрондық нысанда және ұялы телефондар арқылы анықтамаларды қалай алу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.  Бұл шара аптасына екі рет жүзеге асып жатыр. 

Венера ЖАҢАБАЕВА ФРОНТ-ОФИСТЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап жүргізілген түсіндірме жұмыстардың нәтижесінде, осы күнге дейін 306 адам қамтылып үлгеріпті. Сондай-ақ, электронды портал әсіресе шаһардағы қарияларға тиімділігін көрсетуде. Біздің 80 жастағы кейіпкеріміз    Роза    әжей де, қалта телефонына  Mgov қосымшасын жүктеп алғалы бері артық сандалу тыйылды деп отыр.

Роза ЖАПАРОВА ЗЕЙНЕТКЕР

Электронды үкімет қосымшасы  бойынша да мемлекеттік қызметкерлер арнайы оқытылуда. Сонымен қатар, мобильдік порталдармен халықты мейілінше толықтай қамту көзделуде.  Ал, түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

А.ЕРМЕКҰЛЫ      Р.САНДЫБАЙ     «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар