ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

Әлем чемпионына құрмет

16:29, 13 қыркүйек 2017

Жақында ғана кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанған Әулиеталық атлет Феруза Шәріпова бүгін Жамбыл   облысы әкімінің қабылдауында болды. Кәрім Көкірекбаевтан су жаңа пәтер кілтін сыйға алған боксшы қыз болашақ жоспарларымен де бөлісті.

Облыс әкімінің қабылдауына Ф. Шәріповамен бірге оны алғашқы бапкері мен менеджері қоса келді. К. Көкірекбаев боксшы қызға және ел мерейін асырып жүрген өзге де  спортшыларға алғысын жеткізді.

Бұл кездесуде облыс басшысы әлем чемпионына пәтер кілтін табыс етті. Әрі қарай жеңіс туын желбірете беруіне тілектестік білдірді.

Феруза Шәріпова, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы

Керемет сезімде тұрмын. Пәтер кілтін алу нағыз  сыйлық болды. Рахметімді айтамын. Әрі қарай жаттығуларымды жалғастырып, елімнің атын шығаруға бар күш-жігерімді саламын.

Феруза әзірге бүкіләлемдік бокс одағы тұжырымы бойынша чемпион. Ендігі мақсат, өзге де беделді версияларда  жеңімпаз болу. Ол үшін үздіксіз жаттығулармен қатар қаржы және мықты менеджерлік жұмыстар қажет.

Жалғас Қошқарбай, Нұрлыбек Құдияр, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...