ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КЕШЕНДІ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

14:55, 11 наурыз 2019

Жамбыл облысында мемлекеттен атаулы әлеуметтік жәрдемақы  алатындардың саны 116 мың 200 адамға  дейін өседі. Бұл 23 мыңнан астам отбасы қамтылады деген сөз, және  өткен жылғымен салыстырғанда 50 пайыздай артық. Халыққа қолдау көрсету Елбасының «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде берілген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асатын болады.

Атқарушы билік әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөліп отыр. Күні  кеше өткен мерекеде де облыс басшыларынан бастап, аудан - ауыл әкімдеріне дейін жағдайы төмен отбасыларды аралап, хал ахуалын білді. Ал, Елбасы тапсырмасына орай тұрғындарға материалдық көмек беру нақты әрі кешенді түрде жүзеге асатын болады. Мысалы, ең төменгі жалақы алатын бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысы 30 пайызға көтеріледі. Сондай ақ, жәрдемақы көлемі 5 мың теңгеге артса, оны алушылар қатары да 41 мыңдай адамға өседі деп күтілуде. Қазіргі таңда атаулы әлеуметтік алуға мұқтаж отбасыларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Халықтың әл ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар