ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

21:07, 12 ақпан 2019

Бүгінде аймақта көпбалалы отбасыларға мемлекеттік бағдарламалар аясында  жүйелі түрде көмек көрсетіліп келеді. Мәселен, оларды тұрақты жұмыспен және  баспанамен қамту  жайы секілді мәселелер жыл санап оңды шешімін тауып отыр.  Толығырақ  Аян Ермекұлы айтып береді.

Статистикаға сүйенсек өткен  жылы облыста  25 035 бала дүниеге келіп, өңірдегі туу көрсеткіші 202 пайызды құраған.  Осыған байланысты, аймақтағы халық санының өсімі де біршама жоғарылағанын байқауға болады. Демек көпбалалы отбасылардың саны да аз емес. Бүгінде оларға  мемлекет тарапынан қолдан келгенше көмек қолы созылуда.

Ардақ ЖАНТАЕВА  КӨПБАЛАЛЫ АНА

Жеті бірдей баланы тәрбиелеп отырған Қалымбетовтар отбасы 2007 жылы үй кезегіне тұрып, 2017 жылы  үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген. Бұл қуанышқа мемлекеттік бағдарламаның көмегі сеп болыпты. Ал, бұның өтеуі ретінде ата-ана үйдегі бала тәрбиесін мықтап қолға алған.

Дана ӘБДІҚҰЛ   ОТБАСЫ МҮШЕСІ

Сонымен қатар,  жұмыссыздық мәселесі де жүйелі түрде шешіліп келеді. Өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде қоғамдық жұмыс пен кәсіптік қызметтерге тартылғандардың 80 пайызы тұрақты жұмыс орнын тапқан.  Биыл да қаладағы қоғамдық жұмыстарға 600-ден астам   адамды орналастыру жоспарда бар.

Елдос КЕҢЕСБЕКОВ    ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Аймақтағы көпбалалы отбасылар мен жұмыссыз жүрген азамматтарға қолдау көрсету биыл да жалғасатын  болады. Ал, алдағы уақытта қолға алынған мемлекеттік шаралар толықтай жүзеге асырылмақ.

А.ЕРМЕКҰЛЫ Н.ҚҰДИЯР   Ж.Қ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
18:14, 13 тамыз 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА МАМАН ТАПШЫ
Толығырақ...