ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

19:19, 11 шілде 2019

Арыс қаласына әлеуметтік көмек жалғасуда.  Кезекті рет  Арыстық тұрғындар мен онда еңбек етіп жатқан Жамбылдық жұмысшыларға Тараздан азық-түлік өнімдері жөнелтілді.

Жамбыл облысы бұған дейін де бірнеше мәрте арыстық ағайынға әлеуметтік көмек көрсеткен. Ал, қазіргі таңда онда Жамбыл облысына бөлінген аумақты жөндеуге 250-ге жуық жұмысшы жұмылдырылып отыр.  Олардың күнделікті тұтынуына арналған 5 тонна азық түлік те көлікке тиелді. Сонымен қатар, ондағы  тұрғындарға 16,5 тонна  ұн, тегін таратылып беріледі. Тараз қаласы әкімдігі әзірге алғаш болып жұмысшыларға азық түлік жіберді. Алдағы уақытта аудандар мен басқармалар  Арыстағы  қалпына келтіру жұмыстары аяқиталғанша онда  еңбек етіп жатқан азаматтарға қолдау көрсетіп отыратын болады.

Қайсар САРТАЙ – ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар