ШҰҒЫЛ! АПАТТЫ МЕКТЕПТЕР ЖОЙЫЛУДА Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК НАН ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

20:36, 14 наурыз 2019

Алдағы уақытта ас атасының бағасы өзгеріп тұруы мүмкін, бірақ әлеуметтік нан қымбаттамайды. Үкіметте брифинг өткізген ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Соңғы уақытта ел арасындағы «нан бағасы күрт өседі» деген қауесетті де Сапархан Омаров жоққа шығарды. Тек жоғары сұрыпты ұннан пісірілетін өнімдер қымбаттады, ал әлеуметтік нан құны өзгеріссіз қалды,- дейді министр.  Айта кетейік, қазір әлеуметтік нан 75-78 теңгеден сатылып жатса, жоғары сұрыпты ұннан пісірілетіні кей аймақтарда 142 теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Өйткені өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басында бидай бағасы тоннасына 75 мың теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Осылайша, кәсіпорындар жоғары сұрыпты ұннан пісірілетін өнімдерді қымбаттатып, шығынға батып кетпеудің амалын тапты, - дейді Сапархан Омаров.

 САПАРХАН ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ

Қазақстан, Орта Азия, Ирандағы және әлемдегі нарықта астықтың бағасының жоғарылауына байланысты болды. Бұған енді біз, бір жағынан, қуаныуымыз керек. Өйткені біздің астық өндірушілеріміз өздерінің астығын жоғары бағамен сатып, қарыздарынан құтылып, көктемді жұмысты өткізуге бүгінгі күні қаражаттарын алып отыр.

Қазір ел бойынша 10,5 миллион тонна бидай қорда бар. оның 3,7 миллион тоннасы - астық қабылдау кәсіпорындарында, ал ұн тартатын диірмендерде 460 мыңнан астам тонна жатыр. Сондықтан астық тапшылығы да болмайды, - деп сендірді министр

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР - КЕҢЕС
22:12, 24 мамыр 2019
САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР - КЕҢЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР ТАҢДАУЫ - БАНКЕТ ЕМЕС, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
18:49, 23 мамыр 2019
ТҮЛЕКТЕР ТАҢДАУЫ - БАНКЕТ ЕМЕС, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Толығырақ...
САТУШЫСЫЗ АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ – ТӘРБИЕ МЕКЕНІ
18:29, 21 мамыр 2019
САТУШЫСЫЗ АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ – ТӘРБИЕ МЕКЕНІ
Толығырақ...