ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТУДА

21:17, 10 шілде 2019

Жастар жылына орай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бойынша биыл Респуликалық бюджеттен 166 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов  брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар журналистермен кездесуде аталған басқарма өкілдері ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын баяндап берді.

 Басқарма басшыларының айтуынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тындырымды тірліктер көп көрінеді. . Мәселен көптің көкейінде жүрген көп балалы аналарға арналған «атаулы әлеуметтік көмек»  дер кезінде беріліп, 162 мың 334 адам алып үлгерген көрінеді.

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Мұнан өзге «Кәсіпкерлік істі дамыту» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға берілетін грант саны да артқан. Бұдан былай кәсібін ашамын дейтін аналар болса қайтарымсыз ақшалай қаржы алуларына боладды.

Сейдахмет Сейітбеков Жамбыл облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

Сонымен қатар, 1208 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 193 адам шағын несиесін ашқан. Алты айдың қорытындысы бойынша  36 адам грант алған.

Сейдахмет Сейітбеков Жамбыл облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

 Ағымдағы жылдың 1-шілдесінен  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16 мың 913 адам тартылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 764,1 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Райхан Шәлібекқызы, Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар