ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

ЕҢБЕК ЕРІ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

15:28, 6 наурыз 2019

Әулиеата жері көпке үлгі боларлық тұлғалардан кенде емес.Олардың өмірі болашақ ұрпақ үшін өнеге екені анық. Солардың бірі - Қазақстанның Еңбек Ері, «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаев. Осыған орай, Жамбыл облысының мемлекеттік архивінде Еңбек Ерінің жеке тектік құжатын мемлекеттік сақтауға алу рәсімі өтті.
Салтанатты жиында Сайрамбай Дөненбаевқа жеке құжаты мемлекет қорғауына  қабылданғанын растайтын құжат берілді. Сондай –ақ, шара барысында қатысушылар  қожалық басшысының игі істері жайында айтты. Мәселен, «Шәушен» шаруа қожалығы құрылған кезеңнен бастап 20 млрд теңгеге жуық қаржыны қайырымдылық шараға  жұмсаған. Сайрамбай Әліқұлұлы ауыл азаматтарына қолдау көрсетуін мұнымен шектемейді. Өйткені, туған өлкесіне таза ауыз су мен тақтайдай түзу жол салып беруді қолға алған. Болашақта аграрлық институтының негізін қалап, жатақхана салу  жоспарында бар. Қазірдің өзінде жастарды ауыл шаруашылығы мамандықтарына баулып, жұмыспен қамтамасыз еткен.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар