Еңбек ерлерінің өнегесі

15:00, 9 қаңтар 2017

Адал еңбек ердің даңқын шығарады. Бұған жарқын мысал аз емес.  Жамбыл облысында атақты қызылша өсіруші, Социалистік еңбек Ері Мәрзия Ибрагимованы білмейтін жан кемде-кем. Бүгінде жасы 99-ға келген даңқты анаға осы заманның әйгіл азаматы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров арнайы барып, құрмет көрсетті.

Құшақта гүл. Көңілде тебіреніс. Қазақстанның еңбек ері, атақты Мәрзия Ибрагимовамен кездесуге келеді. Қос еңбек ерінің  жүздесуіне Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаттары ұйытқы болған. Олар да бүгін жасы 100-ге таяған құрметті ананың батасын алуға келді.

Иә олар өз өмірімен, өзінің еңбек жолымен көпке үлгі болған жандар.Социалистік еңбек ері Мәрзия Ибрагимованың ғұмыр тарихы бүгінгі  ұрпаққа  үлкен өнеге. Батыр анамыздың  еңбектегі ерлігін қалың көпшілік мақтаныш етеді. Ал  Қазақстанда химия саласының дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан Мұқаш  Ескендіров  болса, іскер азаматтар арасында дараланып тұр. Қос «Еңбек ері»  біраз шүйіркелесіп, әңгіме айтты, сыр бөлісті.

Алтын жұлдызды диқан әңгіме барысында әйел бақыты жайлы  әңгіме қозғады. Қоғам мен ошақ басындағы нәзік жандылардың орны мен рөлі қандай болуы керек жайлы айтты.Мәрзия әжейдің  ақ батасын алуға келген Жамбыл облыстық мәслихаттың депутаты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова  аңыз адамға айналған кісіні жаңа жыл мерекесімен құттықтап, өзінің сыйлығын ұсынды. 

Қалай десек те, өткен күн бізге, ал бүгінгі өмір болашақ ұрпақ үшін - тарих. Осы шежіре беттерінде еңбек батырларының  есімдері алтын әріптермен жазылары сөзсіз. Себебі олар өздерінің ерен қажыр-қайратымен,  адамгершілік үлгісімен  қоғамның ілгері дамуына, ел экономикасының қарыштап өсуіне өзіндік үлестерін қосқан  жандар. Бұл ұрпақтар  сабақтастығы еңбек қоғамын қалыптастыруға әсері мол. 

Жаратылысы аса ізгілік пен мейірімділіктен тұратын асыл анамыз туған отанынының бүгінгі бақытты  өміріне тілектес әрі шын риза пейілде

 

Шерхан Абделиев, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар