ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕҢБЕК ТҮБІ - БЕРЕКЕ!

18:54, 8 қазан 2019

Ауылдағы ағайынның басым бөлігі табыстың көзін өз ауласынан табу керек. Сонда ғана ауыл дамиды, елдің еңсесі көтеріліп, жағдайы жақсарады. Осы мақсатта биылғы жыл басынан бері облыс әкімі бастаған жұмыс тобы өңірдегі барлық ауылдық елді мекендерге арнайы барып, 138 мың аула толық зерделенді.

Халқының 60- пайызы ауылда тұратын Жамбыл облысы үшін қарапайым заттар экономикасын дамытудың нақты қажеттілігі туындап отыр. Алайда, осы мәселе көтерілгелі оған ат салысып, мемлекеттік саясатты қолдап отырған жандар да жоқ емес. Мәселен: Жуалы ауданында тұратын Тоқтарбек Спатаевтың отбасы өз үйі маңын қосалқы шаруашылыққа айналдырып отыр.  

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округініңде тұратын Спатаевтар отбасы өз үйінің ауласын тиімді пайдаланып отыр. Өткен жылдан бастап, мал және құс шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды қолға алған еңбек адамы қарапайым заттар экономикасы бойынша 2,5 пайызбен несие алу ауыл халқы үшін пайдасы зор дейді. Билікөл тұрғыны өз ауласында 200 құс пен 100 ден астам қой өсіріп отыр.

Тоқтарбек СПАТАЕВ БИЛІКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Ауыл тұрғыны көл маңында тұратын болғандықтан мұнда мал өсіруге, балық шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сулы аймақтың жері де нулы келеді. Биыл 120 бас мал бордақылау кешенін салған Тоқтарбек Спатаев бұл жердің табиғи жағдайын ескеріп,  қораны да ерекше тұрғызған.

Спатаевтар отбасы алдағы уақытта мұнда сүт және ет бағытындағы жұмыстарды жандандыратындығын айтады. Ол үшін қора қопсы дайын. Енді әкімдік тарапынан жеңілдетілген несие берілсе шаруашылықты бұдан да ширатуға болады. Үйінің айналасына гүл отырғызып, жасыл –желекпен көмкеріп отырған отбасы келер көктемде ауласындағы бос жатқан жерге көкөніс екпекші.

Қосалқы шаруашылықты дамыту жұмыстары бүгінде Жамбыл облысында қарқынды жүргізілуде. Бұл тәсіл өңірдің барлық аудандары мен ауылдарында жүзеге асып,  билік пен халық арасында нақты түсінік қалыптасты.

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар