ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ БЕРЕДІ

20:23, 12 тамыз 2019

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Алматы қаласындағы Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті. Кездесуде барысына  қос тараптың өзара ынтымақтастығы, тығыз қарым-қатынасқа негізделген алдағы жоспарлы-жұмыстар арқау болды.

Өз сөзінде Бас консул екі елдің іскерлік, достық байланысын атап өтіп, әріптестік қарым-қатынас алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Өзіне жүктелген міндет ретінде осы бағытта аянбай  жұмыс жасайтынын жеткізді.  Сондай-ақ, Алексис Шахтахтинский өңір басшысы және жамбылдықтарды қасиеттті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ол Көне Таразбен танысып, өңірдегі туризм, экономика, білім, мәдениет салалары аясында қос елдің әріптестік байланыс  арттыруға бейіл екенін білдірді.

Асқар Исабекұлы қонаққа жылы шырай танытып, кез-келген бағытта бірлесе жұмыс жасауға, арадағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, франция консулдығының әріптестік байланыс орната отырып, ұтымды ұсыныстарға қолдау болатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, өңірдегі өркенді істер мен тарихи Тараздың болмысын айшықтайтын баянды бастамалар туралы қонақты хабардар қылған облыс басшысы бұған дейін де франциялық компаниялармен бірлескен жемісті жобалар жүзеге асып жатқанын баса айтты.

Айта кету, керек франциялық компаниялар Жамбыл облысында бірнеше ауқымды инвестициялық жобаларды қолға алып, табысты жұмыстар жүргізуде. Соның бірі де бірегейі – Мойынқұм ауданындағы «Жамбыл өндірістік цемент компаниясы» ЖШС.  Аталған жобаны франциялық инвестор - «Vicat Group» тобы іске асырған.  Жоғары сапалы цемент өндіретін зауыт өнімі бүгінде зор сұранысқа ие.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар