ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕРТЕҢ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ БАСТАЛАДЫ

20:30, 16 мамыр 2018

Мамыр айының 17-де Қасиетті рамазан айы басталады. Осыған орай  облыстың  бас имамы Данияр Жұмабай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз өткізді. Онда барша мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айының ерекшеліктері мен игі -шаралар жоспары туралы жан жақты айтылды.

Ораза – Алланың нығметі мен құдіретін танытып, пенденің парасатын арттырады. Ауыз бекітуші- тоқшылықтың қадірін, жоқшылықтың зәбірін түйсініп, игі амалдарға бет бұрады. Бір сөзбен айтқанда, жақсылықтың жолы кеңейе түседі. 

Данияр Жұмабай   Жамбыл облысының бас имамы

Рамазанда жаратқанның құлдары жаппай ораза ұстайды.Ол тек ішіп жеуден тиылу емес,Ұлы құдірет разы болмайтын істерден аулақ болу/

Сондай-ақ, қасиетті айдың құрметіне рухани кештер ұйымдастырылып, қаланың бірқатар мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылады. Бір ай бойы қала және аудандық  кейбір мешіттерде тарауих намазында қарилардың қатысуымен «Құран хатым» оқылады.Сонымен қатар орталық «Һибатулла Тарази» мешіті мен қалалық «Кеңесхан қажы» мешіттерінің жамағаты үшін түнгі уақыттарда тарауих намазынан шыққан кісілерді үйлеріне жеткізіп салуға тегін автобустар қойылады.

Даияр Жұмабай   Жамбыл облысының бас имамы

Ауызашарларда белгі бір қоғам қайраткерлеріне ас беріліп құран бағышталады.Ораза мерекесі ұлттық нақышта өткізіледі.Жетім-жесірлерге,мұқтаж жандарға көмектесу қарастырылған/

Ал маусымның 11-нен 12-не қараған түні күллі мұсылман кірпік ілмей, мың айдан да қайырлы Қадір түнін қарсы алады. 15-ші маусым күні ауыз бекіткен ағайын туған-туысты аралап, Ораза-айтты тойлайды.Биыл пітір-садақа жан басына 300 теңге деп бекітілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...