ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕСІРТКІ АЛҚАБЫ ЖОЙЫЛДЫ

21:04, 12 маусым 2019

Шу ауданы құрамында есірткі заты бар сора өсімдігі өсетін өңір ретінде танымал. Мәліметтерге сенсек ауданда  есірткі сорасы өсетін аумақтың көлемі  24 мың гектарды құрайды екен. Соның бір дәлелі, ауданымыздағы  «Дельта-долина» есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімнің ұйымдастыруымен  өткен «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық шарасы.

Ауданда  жабайы өсімдік саналатын есірткі сорасымен тек полиция қызметкерлері ғана емес, қарапайым ауыл тұрғындары да  күрес жүргізіп келеді. Жуырда Шу аудандық полиция бөліміне Алға ауылдық округінің тұрғыны Рысбек Сағындықов есімді азамат қайырылып, құқық қорғау органы қызметкерлерінен өзінің  Алға ауылынан 35 шақырым жердегі «Аязбай»  шаруа қожалығының жер учаскесінде  өсіп тұрған екі гектарға жуық есірткі сорасының тамырын жоюға көмек көрсетуін өтінген. Өтініш есеп кітапшасына тіркеліп, ішкі істер қызметкерлері мен Алматыдан арнайы профессорлар жұмылдырылды.  Жұмыс барысында, алқаптың біраз бөлігі есірткі сорасынан тазартылып, үйілген жабайы өсімдік өртелген.

                                   

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...