ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

20:30, 17 тамыз 2018

Оңай олжаның буына желпініп, есірткі бизнесіне есі кеткендердің қатары сирейтін емес. Бірі ұсталып, қамалып жатса екіншісі  шығады.

Шу ауданында тағы  да есер шөпті сатып табысын еселемек болған ер азамат қолға түсті. 
Шу өңірінде  Сарғау учаскесінде «Көкнар-2018» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында  есірткіге қарсы  күрес басқармасының қызметкерлері күдіктінің ізіне түседі. Нәтижесінде Қордай ауданының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Оны тінту кезінде 2,7 кг құрғақ марихуана табылған. Қазіргі кезде күдікті Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау орнында отыр. Оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 296 бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...