ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

19:39, 16 шілде 2019

Тағы бір есірткі тасымалдаушы қолға түсті. Жамбылдық тәртіп сақшылары Тараз қаласының тұрғынының көлігінен  21 келіден астам кептірілген марихуананы тапты. 

28 жасар Күдіктіні облыстық потрульдік полиция өкілдері  «Volkswagen Golf» автокөлігін тоқтатып, қолға түсірген.  Темір тұлпарды тінту кезінде тәртіп сақшылары екі қап,  салмағы 21 кг 360 грамм болатын кептірілген марихуананы тапқан. Аталған дерек бойынша  ҚР қылмыстық кодексінің  296 бабының 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Ал, ұсталған азаматтың кінәсі толық дәлелденсе, онда ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар