ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕСІРТКІГЕ ТӘУЕЛДІЛІК –ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС

19:33, 1 қазан 2019

 

 

Еліміз бойынша 20 мың адам есірткіге, тағы  100 мың жан алкогольдік ішімдікке тәуелді. Бұл – тәуелсіз сарапшылар келтірген дерек. Жалпы, адам баласына зиян әрекеттерге әуестік неге көбейіп барады? Жағымсыз жағдайларды болдырмау мен алдын алудың жолы қандай? Бұл бағыттағы тірліктер қалай өрбуде?  Өңірдегі сала мамандары жауап береді.Елімізде

наркологиялық және психиатриялық қызметтер  біріктірілген қазір. Мамандардың айтуынша, бұл екі саланы қосу арқылы  нашақорлықпен күрес оң нәтиже бермек.  Әлемдік  тәжірибеде

бұл тәсіл өзінің оңтайлы екендігін дәлелдеді де. Яғни,  біріктіру әдісі- психологтар, наркологтар және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері арасында ұзақ уақыт бойы талқыланған.

ЕЛЕНА ЛИ – ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМ КЛИНИКАСЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Алкоголизм мен нашақорлық өте күрделі мәселе. Бұл - ата-ананы құқығынан айыру, балаларға қатыгездікпен қарау, ата-ана міндеттерін орындамау сынды әрекеттерге апарар жол. Қоғамның аса ауыр дерті.

АҚМАРАЛ ЖАНЫСОВА- ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ

Полиция қызметкерлері психикалық дерті бар адамдарға үлкен алаңдаушылық білдіреді. Олар алкоголь немесе есірткіге тәуелді адамдармен бірдей.  Сондықтан, осыларға да   бақылауларды күшейту керек деп санайды.

АҚМАРАЛ ЖАНЫСОВА- ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ
Алкоголь мен есірткіге тәуелділік көбінесе отбасының күйреуіне әкеп соқтыратыны бесенеден белгілі жайт. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен педофилия үшін жазаның күшейтілетіндігін айтты. Демек,  жауаптылардың жұмысы  жүйеленіп, тиісті тірліктер де атқарылатынына сенім мол.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...