Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту

20:01, 13 қыркүйек 2017

Жақын болашақта еліміз түгелімен өз өзін ет өнімдерімен қамтамасыз етіп, оны экспорттау мәселесін алға қойып отыр. Бұл ауылшаруашылығы саласындағы үлкен бағыт. Осыған орай, қазір мал басы санын арттырамын деген шаруаларға мемлкет тарапынан қолдау зор.

«Сыбаға» бағдарламасы басталған 2011 жылдан бері Жамбыл облысында 26 073  бас сиыр алынған. Бұл өте жақсы көрсеткіш дейді сала мамандары.Ал, Қордай ауданының Қарасу ауылының тұрғыны Еркін Шарабеков болса, сол «Сыбағаны» тиімді пайдаланып отыр. Ол 10 млн. теңге несие алып мал басы санын айтарлықтай арттырған.

Еркін Шарабеков, еңбек адамы

Үйде қарап отырмай, осы жұмыстармен айналысып жатырмыз. Себебі, мал бордақылау қолдан келетін шаруа

Әсіресе жол бойында орналасқан Қордай ауданындағы Кенен ауылының тұрғындары үшін мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі зор. Мәселен: еңбек адамы Назар Қабден былтыр 3 млн. теңге несие алып, ет бағытында өсіретін сиыр малын алған. Ол өз үйінің ауласынан шағын мал бордақылау кешенін де ашты.

Назар Қабден, жеке кәсіпкер

Елбасымыздың осы бағдарламасына рахмет. Жағдайымызды түзеп алдық. Алда берсе, тағы аламыз

Сиырды алты ай байлап, семіргеннен кейін Алматыға етке өткізеді. Ауылды жерде жұмыссыздықты жою мақсатында қабылданған жобаға қазір қызығушылық артып отыр. Мәселен: биыл осы бағдарламаға қатысуға 11 ауыл тұрғыны өтініш берген.

Қанат Атамқұлов, кенен ауылдық округінің әкімі

Сыбағаңыз бар, Алтын асық пен Құлан. Бұл жобаның барлығы да ел игілігі үшін ойлап табылған. Сондықтан оны жиі халыққа түсіндіріп отырамыз

Мемлекеттік бағдарламының мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырған Қордайлық шаруалар бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Айбол Қарашев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
20:22, 25 қыркүйек 2017
Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
Толығырақ...
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
19:38, 25 қыркүйек 2017
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
Толығырақ...
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
19:36, 25 қыркүйек 2017
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...