ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

13:16, 15 наурыз 2019

Аудан әкімдіктері мен ауыл әкімдіктері арасындағы ауылшаруашылығы саласында бекітілген негізгі индикаторлардың бірі -кооперативтер құру мен «Сыбаға» бағларламасы арқылы мал алу болатын. Бұл –  өңірімізде ет бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін керек. Осы бағыттағы тапсырмалар Шу ауданындағы Дулат ауылдық округінде оң шешімін тауып отыр.

2019 жылы Жамбыл облысында ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту үшін ірі жобалар қолға алынады. Ол Меркі, Қордай және Шу аудандарында жүзеге асырылмақшы. Қазіргі уақытта Шу ауданы Бөлтірік ауылындағы «Жазылбек» шаруа қожалығы осы бағытта бекітілген индикаторларды орындау үшін жұмыс жүргізіп келеді. Жергілікті шаруалар ірі мал бордақылау кешенін салып, Қостанайдан асыл тұқымды мал әкелуді бастап кетті.

Марат ӘЛІМҚҰЛОВ ДУЛАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

«Жазылбек» шаруа қожалығының ашылуымен Бөлтірік ауылының бес азаматы жұмыспен қамтылды. Олар қазір мал бордақылаумен айналысса, жаз мезгілінде шөп жинау науқанына кіріседі.  Биыл «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын серіктестік өкілдері мемлекеттен көмек алса, қазіргі кешенді екі есе ұлғайтатындықтарын айтады. Себебі, бүгінде ірі қара етіне деген сұраныс жоғары болып отыр.

Мұрат БАЙҒАБЫЛОВ ШАРУА

Облыс басшысы өткен жылы барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде ауылшаруашылығы кооперативтерін құру керектігін айтқан болатын. Бұл ет өнімдерін өткеруге, сүт кластерін дамытуға да үлкен жол ашады. Ендігі жерде барлық аудан сол тапсырмаларды орындау жолында жұмыс жүргізуде.

Әлихан БАЛҚЫБЕКОВ ШУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ет бағытындағы жұмыстарды жандандыру алдағы уақытта да жалғаса береді. Өйткені, еліміз бүгінде алыс –жақын шет елдерге ет экспорттау жұмыстарын бастап кетті. 

 

Тақырып бойынша материалдар

НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:30, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:28, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:07, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...