ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЕТ ЭКСПОРТЫ АРТА ТҮСУДЕ

21:38, 7 маусым 2019

Меркі ет комбинаты етті шетке шығаруды арттыра түсті. Өткен жылы 600 тонна қой еті экспортталса, биыл бұл көрсеткішті 1 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Толығырақ тілшіміз айтып береді.

Меркіде ет комбинаты ашылғалы бері, жұмыс та жандана түскен. Ең бастысы малмен айналысатын шаруалар оны қайда өткіземіз деп бас қатырмайды. Төленетін қаржы  да қомақты. Экологиялық таза өнімге деген шет елдіктердің де қызығушылығы да жоғары. Осы кезге дейін Оман мен Біріккен Араб Әмірлігіне тоқтының  еті өткеріліп келсе, енді Иран мен Бахрейн Корольдігі марқаға сұраныс түсіріпті.  

СҰЛТАН ӘЛИАСҚАРОВ /Меркі ет комбинаты директорының орынбасары/

Тәулігіне 1500 бас ұсақ мал мен 300 басқа дейін ірі қара малын сойып, өңдеуге мүмкіндігі бар кәсіпорын заманауи үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Ет сақтайтын тоңазытқыш тәулік бойы жұмыс істеп тұр.   Сонымен қатар, бұқтырылған ет пен қалбырға салынған әр түрлі  өнім шығаратын цех та бар. Кәсіпорында 60 адам жұмыс көркін қыздырып жатса,  оның бәрі жергілікті тұрғындар.

САЙЛАУБЕК ЖОЛЫМБЕТОВ  /Қасапшы/

Етке деген сұраныстың артуы мал бордақылау алаңдарын жаппай салуға  сара жол сала түскен.  Мәселен, Меркі комбианатына қарасты 3 мың бас  мүйізді ірі қараға арналған  мал бордақылау алаңының ашылғанына 3 жылдан асты, одан бөлек өңірде осындай бой көтерген 13 орын бар. Оның өзі комбинат жұмысын  жандандарып,  ет экпортын еслей түсуге  мүмкіндік беруде.    

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ, АСҚАР ӘДІЛ     «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар