ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЭТНОАСПАЗДЫҚ ФЕСТИВАЛ

20:30, 16 қазан 2019

                                                                                                                                                   

Аймақтағы мәдениетаралық өзара  келісімнің оң түсінігін қалыптастыру мақсатында түрлі ұлт  өкілдері гастрономиялық дәмдерден жасалған дастархан жайды.  Этностар өздері жасаған тағамдардың технологиясымен қатар, сақтау мен дайындау турасында шеберлік сағат өткізіп, көпшілікке дәм ұсынды.

Әулиета өңіріндегі 88 этностың 30- ға жуығы бүгінгі шарада белсенділік танытып,  жасалуы сиреп, естен шығып бара жатқан түрлі тағамдар мен бәліштер пісірді. 19 ғасырда бастау алған тарихи тағамдарды Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жұртшылыққа қайта насихаттады. Бұл шараның негізгі мақсаты да осы. Ұйғырлар әткен шәйін, қазақтар етін, өзбектер күрішінің дайындалуын айтып қана қоймай,  қайда, кімге ұсынылатыны жайлы да мәлімет берді.
АЛЬБИНА МАРАТҚЫЗЫ-ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Аспаздардың шеберліктері сыналатын бұл шарада аймақтың әр түкпірінен келіп тағам ұсынғандар қатары да аз болмады. Тағамды талғаммен жасап, сүйіспеншілігмен ас әзірлейтін ақ жаулықты ана Сымбат Сихымбаева бүгін дәмі тіл үйіретін  Бүрме қарын мен жау жүректі ыстық күлге пісірудің технологиясымен таныстырды. Бұдан басқа да ұлттық тағамдарды баппен пісірудің шебері талайдың таңдайын қақтырған.

СЫМБАТ СИХЫМБАЕВА -АСПАЗ

Шара барысында  сұранысқа ие алкогольсыз сусындар даярлаудың әдістері де көрсетілді.  Этноаспаздық фестиваль соңында  түрлі этнос өкілдері келген қонақтарға дәм ұсынды. Аспазшылар құрметіне  флешмоб та ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
20:45, 18 қараша 2019
МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...