ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ

21:13, 10 шілде 2019

FlyArystan компаниясы қанатын кең жаюға құлықты. Әзірге Тараздан тек Алматы арасына  қатынайтын әуе компаниясының ұшақтары енді Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Оралмен – Әулиеатаның арасын жақындата түспек.  Бұл жоспарымен Жамбыл облысы әкімінің қабылдауында болған компания директоры Тим Жордан бөлісті. Өз кезегінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жамбылдықтар үшін қажет бар қолдауды көрсететінін жеткізді.

Мамыр айынан бастап әуе кеңістігіне шыққан FlyArystan бүгінге дейін 25 мың билет саудалаған. Оның 90 пайызға жуығы 10 мың теңгеден төмен. 180 орындық әуе кемесі күнделікті жолаушыға толы. Ендігі кезекте еліміздің өзге өңірлерін де қамтуды көздейді. Облыс әкімі компания өкілдеріне тек жолаушылармен ғана шектелмей, жүк тасымалын да қолға алуды ескертті. Сондай-ақ, билет құнын аспандатпай, арзан бағада ұстауға ұсыныс білдірді. Бұл ретте компания өкілі Тараз әуежайы сервистік қызмет құнын қымбаттатпауға әкімдік тарапынан көмек көрсетуге ниет  білдірді.  Кездесуді қорытындылаған аймақ басшысы  жауапты орынбасарына айтылған ұсыныс-тілектерді зерделеуді тапсырды.

 Жанар ЖАЙЛАУОВА – «FLAYARYSTAN» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

/Алда біздің үлкен жоспарларымыз бар. Тараздан өзге қалаларға қатынайтын бағыттарды анықтап жатырмыз. Ол үшін алдымен Тараздағы әуежаймен келісімге келуіміз керек. Өйткені біз ұсынатын бағалар төмен. Соған сәйкес шығындарымыз да аз болуы қажет.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...