ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

«ӘУЛИЕАТА БОЯУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

15:27, 10 маусым 2019

Аймақта ұйымдастырылып жатқан «Әулиеата бояулары » бірінші халық шығармашылығы  фестивалі өз мәресіне жетті. Жыл сайынғы өтетін бұл шара - биыл реуспубликалық көлемде ұйымдастырылып,  ауқымы кеңейтіліп отыр.

Осыған орай, бүгін ашық аспан астында 400-ге жуық бірегей туындылардан көрме ұйымдастырлып, 100-ден астам суретші плэнерге қатысты.

Еске сала кетейік, «Әулиеата бояулары» фестивалі ағымдағы жылдың сәуір айында бастау алған  болатын. Одан бері ауданыдық іріктеу өтіп, қатысушылар облыстық кезеңге жолдама алып еді.  Енді араға аздаған уақыт салып, қыл қалам мен қолөнер шеберлері қаладағы жеңіс саябағында бас қосуда.  

Эльмира     ДүТБАЕВА         ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Сондай-ақ, облыс әкімінің бастамасымен өтіп жатқан байқауға еліміздің барлық өңірлерінен көпшілікке танымал өнерпаздар қатысуда. Олардың ішінде жамбылдық 20 суретші бар.

Әділғали  БАЯНДИН             СУРЕТШІ

Ал, шаһардың шырайына сән келтіріп, келбеті келіскен Әулиеата өңірінің сұлулығын жергілікті тұрғындар суреттшілердің туындылары арқылы байқап жатқанын айтады.

Әдемі    БЕКСҰЛТАНОВА         ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бұдан бөлек, көрменің көркін қыздырған фото суреттер мен түрлі табиғи бояулардан салынған туындылар шара соңына лайықты бағасын алды. Ал, Әулиеатаның әсем табиғатын насихаттайтын мұндай фестивальдар әлі де жалғасын таппақ.

А.Ермекұлы,   Н.Құдияр    «Жаңалықтар Қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар