ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ӘУЛИЕАТА ӨНІМДЕРІ ЕЛОРДА ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ЖІБЕРІЛДІ

19:20, 11 шілде 2019

Бүгін облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласының тоқсаннан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін 7- бірдей автокөлікке тиеп, Елордаға аттанды. Ондағы мақсат; Нұр-Сұлтан қаласының айналасына азық- түлік белдеуін құру, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты дамыту.

Аталған жәрмеңке өңір тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға  мүмкіндік береді. Жәрмеңкеде жалпы құны 110,6 миллион теңгені құрайтын 230,6 тонна ауыл шарушылығы тауарлары ұсынылатын болады. Оның ішінде ет, шұжық, сүт өнімдері, қант, өсімдік майы, бал  және жеміс- жидек пен көкөніс өнімдері бар. Бұл жәрмеңке үстіміздегі айдың 13-і 14-і күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін болады. Мұның тиімділігі, кез келген тауар нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен болады.

Қайрат Аманов Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

Қ.Байкүшіков

Т.Терлікбаев

«Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар