ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

ӘУЛИЕАТАДА ӘЗ-НАУРЫЗ 9 КҮН ТОЙЛАНАДЫ

18:46, 13 наурыз 2019

Биыл да Әулиеата өңірі Әз-Наурызды 9 күн тойлайды. 14- наурыз «Амал күнінен» бастау алатын мереке 22 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлім болды. Жоспарға сай, әр күннің өзіндік ерекшеліктері болады. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар легін әріптесім Бекжан Сабыржан біліп қайтты.

Күн мен түн теңеліп, ел ырысқа кенеліп, іргемізді ізгілікке бөлеген ұлық мерекені атап өту жоспары жылдағыдан ерекше. Мерекеде әр мекеме меншікті киіз үйлерін тікпейді биыл. Есесіне, көшедегі көпшілікке дастархан жайып, наурыз көже таратады. Сондай-ақ, Халқымыздың көнеден келе жатқан  Наурызнама  дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталған мерекелік шаралар тоғыз күн бойы жалғасын табады. Әр күн өзіндік ерекшеліктермен есте қалмақ.

Берік УӘЛИ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Журналистер алдында жаңа жылдың жоспарын жариялаған басқарма басшылары мереке қарсаңында қалада бірнеше нысанның ашылатынын да айтып қалды. Мәселен, атшабар скверіндегі махаббат аллеясы қайта жаңғыртылса, М.Х.Дулати ескертікішінің маңынан жастардың интернет кафесі, сондай-ақ, амфитеатр да мереке күні пайдалануға берілмек.

Дүйсенәлі БЫҚЫБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Өңірде Ұлыс күнін тойлау 14-наурыз, яғни ертең басталады. Бұл күні қалалық мәдениет үйінің алдында «амал күніне» орайластырылған қойылым ұйымдастырылып, өнер саңлақтарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.  

Б. Сабыржан, Е. Асаубаев, «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
14:36, 19 маусым 2019
ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...