ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ӘУЛИЕАТАҒА КОРЕЙ ЕЛІНЕН ЕРІКТІЛЕР КЕЛДІ

14:40, 3 шілде 2019

Жамбыл жеріне Корей  Республикасының «Конен» ғылым және техника университетінен делагаттар келді. Екі ел арасындағы ынтымақ пен өзара байланыстың ұйытқы болуына «НұрОтан» партиясының Жамбыл облысық филиалы мен ТИГУ ректоры арқау болған. Қонақтар алдағы онкүндікте Меркі ауданында болып, қазақтың мәдениетімен етене таныса келе, жастарға корей тілін үйретпек.

Бұл бастама жастар жылы аясында қолға алынып отыр.  Корей елінен келген еріктілер алдымен білім ордасында бас сұқты. Онда басшылықпен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Конен университетінің профессолары мен студенттері Қазақстанға алғаш келгендегі әсерімен бөлісті. Қазақ халқының қонақжайлылығына ризашылықтарын білдіре отырып, өздерінің қазақтарға ұқсайтындығында жасырмады.

Ерболат САУРЫҚОВ ТИГУ РЕКТОРЫ

Еріктілер он күн бойы Меркі ауданында болып, жергілікті жұртшылықпен бірге тұрып, қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрімен етене таныспақ. Сонымен қатар, жергілікті балаларға  корей тілін үйретуді мақсат тұтып отыр. 

Уалихан Болатбек  «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР  ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Осылайша еріктілер «Хомстей» жобасы аясында екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтуға ниетті. Жоба сәтті жүзеге асса алдағы уақытта  екі білім ордасы арасында ұзақ мерзімді келісім шарт жасау көзделуде. Кездесу соңында меймандостық ниетпен корейлік қонақтарға сый-сыяпат жасалды.

Райхан Шәлібекқызы, Тоқтар Терлікбай «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар