ШҰҒЫЛ! ТҮҚЖБ БИЫЛ 28 МЛРД.ТГ БӨЛІНЕДІ Толығырақ

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

14:21, 12 қараша 2018

 

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аяқталды. Соңғы 33-турда төменгі лигаға түсіп қалған екінші команда анықталды. «Қызылжар» Қостанайда «Тобылдан» 0:3 есебімен ұтылып қалды. Петропавл командасы келесі жылы «Ақжайықпен» бірге бірінші лигада ойнайды. Ал, Тараз футбол клубы мен Оқжетпес командасы келер жылды жоғары лигада бастайды.

Соңғы турда Ел чемпионы «Астана» «Ертісті» қабылдап, қонақтар қақпасына жауапсыз төрт доп соқты. Алаң иелері сапынан Марин Томасов белсеніп, Павлодар командасының қақпасын үш мәрте дәл көздеді. Рангело Янга да мергендік танытты. 4:0 есебімен жеңіске жеткен «Астана» 77 ұпаймен жекедара топ жарды. 35 ұпайы бар «Ертіс» 10-орында қалып қойды. Енді павлодарлық футболшылар премьер-лигада қалу үшін бірінші лиганың қола жүлдегері «Қыранмен» кездеседі. Алғашқы кездесу 16-қарашада өтеді. Сонымен қатар,  Алматылық «Қайратта» биылғы маусымда сәтті ойын өрнегін көрсете біліп, күмісті қанағат тұтты. Үздік үштікке «Тобол» командасы ілінді. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСА ТАРИХЫ БАР ОҚУ ОРДАСЫ
21:18, 22 ақпан 2019
ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСА ТАРИХЫ БАР ОҚУ ОРДАСЫ
Толығырақ...
ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
21:11, 22 ақпан 2019
ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗДА РЕСЕЙЛІК  БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
18:45, 20 ақпан 2019
ТАРАЗДА РЕСЕЙЛІК БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...