ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ӘУЛИЕАТАДА ЗАУЫТ САЛАДЫ

19:32, 18 қазан 2019

 

Шекара асып келетін тауардың бірі  картоп фриі енді Әулиеатада өндірілетін болды. 50 жылдан бері нарықта сапалы өнім ұсынып жүрген  Farm Frites компаниясы 2020 жылы Жамбылда жаңа зауыттың іргетасын қалауға ниетті.  

Бұл туралы аймақ басшысы  Асқар Мырзахметов пен компанияның жобалық директоры Йос Ден Бурдың кездесуінде белгілі болды.

Екі жақты келісім мен кездесуді егжей –тегжей тыңдап қайтқан Назима Дәрменқызы тарқатсын

 «McDonalds» мен «KFS»-ді шикізатпен қамтамасыз еткен алпауыт компания  аймаққа инвистиция тартуға құлшынысы артқан. Алғаш өнімін жарты ғасыр бұрын  шығарған Farm Frites келер жылдың басында «Тараз» химиялық паркі  еркін экономикалық аймағынан картоп фриін шығаратын зауыттың құрылысын бастамақ.

Йос Ден Бур  «Farm Frites» компаниясының жобалық директоры \Біздің компания Қазақстан нарығына 2015 жылы келді. Осы аралықта біз Қазақстанның барлық аумағындағы картоп алқаптарынан сынама алдық. Дәл осы Жамбыл өңіріндегі сынама жоғары өнімділік көрсетті. Оған қоса біздің жобаға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы қызығушылық танытып, «Тараз химиялық паркі» еркін экономикалық аймағында жұмыс жасауды ұсынды. Біз бұл ұсынысты қуана қабылдап, еркін экономикалық аймақтың мүмкіндігін зерделедік. 2020 жылдың сәуір айында зауыт құрылысын бастап, 2022 жылы алғашқы картоп фриін нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 70 мың тоннаны құрайды\

Компания жоспарымен танысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірдің зауытты шикізатпен қамтудағы жоғары әлеуетін ескеруді айтты. Мәселен, облыста 10 мың гектар алқапқа картоп егіледі. Шаруалар егістікті қосымша сұранысқа байланысты ұлғайтуға да ниетті. Бұл жоба іске қосылса, 350-400 – ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

\Біз де өз тарапымыздан бұл жобаның тиімділігі көріп отырмыз. Картоп фриінің өндірісі инвестициялық жоба ғана емес. Әрі ауыл шаруашылығының әлеуеті көтерудің тағы бір мүмкіндігі.Жамбылдық шаруалар компанияны шикізаттың қажетті қорымен қамтамасыз ете алады. Оған қоса өңірге ауыл шаруашылығындағы қайта өңдеу саласында заманауи жабдықталған зауыт қажет. Осы факторларды ескере отырып, біз жобаның іске асырылуын құптаймыз. Келісімді ресми түрде рәсімдеп онда жобаны жүзеге асырудағы әкімдік жауапкершілігінде ескерген жөн\

Өңір басшысы кездесуде голландиялық компания өкілдеріне картоп фриі зауытына қажетті кадрларды дайындаудың мүмкіндіктері де қарастырылатынын жеткізді. Кездесу соңында екі тарап ортақ келісімге келіп, ризашылықтарын білдірді.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...