ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП

21:03, 19 маусым 2019

Елде экономикалық өсу артып, экспорт көлемі 2,5 миллиард долларға ұлғайды. Қазақстанның сырт мемлекеттерге  тасымалдайтын басты тауары - мұнай шикізатының саудасы 38 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде айтты. Ведомство басшысы кәсіпкерлікті дамыту, жекеменшік-серіктестікке қатысты мәселелерді көтерді. Жалақысы төмен адамдарға салық жүктемесі 10 есе азайтылатынын да айтты. Толығырақ Фариза Мұсақызы әңгімелейді.

Ғаламтор арқылы жүргізілетін онлайн сауданың үлесі былтыр 2 пайызға артып, көлемі 92 миллиард теңгеге ұлғайған. Алдағы  5 жылдың ішінде электронды сауда-саттықты 1 триллион долларға арттыру жоспарда.

Сол себепті министр осы саланы  ынталандыру маңызды екенін айтты. Ол үшін кәсіпкерлерді табыс салығынан бірнеше жылға босату керек. Экспортқа арналған тауарларды декларациялауды жеңілдету қажет.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

«Біз Еуропа мен Қытай арасында орналасқан мемлекет болғандықтан, тұтынушы мен сәлемдемелерді жөнелтушілердің арасындағы байланыс жақсы дамыған. Инфрақұрылымдық жағдай да жасалған. Сондай-ақ, сәлемдемелерді рәсімдеу үшін кедендік түзетулер енгізілген. Алға қойып отырған мақсатымыз - Қазақстан арқылы интернет-сәлемдеме транзитін 6 есеге ұлғайту.

Руслан Дәленов экономикадағы ең маңызды деген өзге 3 бағытты айқындады. Тарифтердің бағасын реттеу, өңірлердің экономикасын көтеру және кәсіпкерлікті дамыту.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

Развитие предпринимательства... «Экономиканың тұрақтылығы кәсіпкерлікті дамытудан бастау алады. Осы мақсатта, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 247 миллиард теңге бөлінген еді. Оның негізінде 13 мың кәсіпкер шағын және орта бизнесіне қолдау тапты».

Бүгінгі есеп беру кездесуіне келгендердің қатары көп. Министрге түрлі сауал қойылды.  Тіпті тұрғындардың бірі шаңырақ көтергендердің неге азайып кеткендігін де білгісі келді.

- Сұрақ. Некелескендердің қатары азайған. Ол елдің экономикалық жағдайымен байланысты ма?

Мұндай сұрақты күтпеген болуы керек, министр Дәленов те, залда отырғандар да бір күліп алды.

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

"Соңғы кезде ажырасатындар қатары артып барады деген мәселе жиі көтерілген соң, статистиканы қарап шықтым. Бізде жыл сайын 140 мың адам некесін қияды екен, бірақ, өкініштісі сол, 55 мыңы ажырасады. Ал  жастар арасында некелесу санының азаюы 90-шы жылдардағы демографиямен байланысты.

Ақпанның соңында ғана қызметіне кіріскен министр Дәленов осылайша халық алдына шығып, алғашқы есебін өткізді. Бүгінгі жиында министр айтқан басты жағымды жаңалық -  мұнай бағасының түспейтіні болды.

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
20:20, 21 қараша 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...