ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ БАҚЫТЖАН ЕРТАЕВТЫҢ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯНЫҢ АШЫЛУЫ БОЛЫП ӨТТІ

15:37, 6 наурыз 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында, Тараз мемлекеттік педогогикалық университетінде халық қаһарманы Бақытжан Ертаев атындағы аудитория ашылды. Ашылу салтанатына жауынгердің ұрпақтары арнайы келіп, дәрісхананың лентасын қиды.

Генералдың  есімін бүгінде барша халық мақтан тұтады. Ерліктерін насихаттап, елге еткен еңбектерін де жақсы біледі. Ал, жаңадан ашылған Ертаевтың атаулы аудиториясы жастарға патриоттық тәрбие беру орталығы болмақ. Сонымен қатар, мұнда әртүрлі іс-шаралар да өткізіледі. Жиын барысында сөз алған қонақтар Бақытжан Ертаевтың жеке ерекшеліктерін атап өтіп, студенттерді патриот болуға шақырды. Олар ақындар мен батырлар елінен - тағы бір қайтара отанының сүйікті перзенттері шығатынына кәміл сенім білдіруде. Сондай-ақ, қатысушылар генерал туралы бейнефильмді де тамашалады. Ал, іс-шара  соңында студенттер арасында өткен «Біздің заман батырлары» атты байқаудың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Ержан ӘМІРБЕКҰЛЫ           ТАРМПУ РЕКТОРЫ

Тақырып бойынша материалдар

ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
14:36, 19 маусым 2019
ҚОРДАЛАНҒАН ПРОБЛЕМАЛАР ҚАЛАЙ ШЕШІЛМЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...