Халық қалаулысы Жамбыл ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

20:42, 22 тамыз 2017

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов Жамбыл  ауданына да барды. Халық қалаулысы мұнда жергілікті тұрғындармен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Депутат алдымен Гродикова ауылындағы мәдениет үйіне келді. Іргетасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары қаланған ғимарат 2016 жылы толық жөндеуден өткен. Сондықтан мұнда  тұрғындар үшін  біраз мүмкіндік жасалған. Мәселен,  балаларға және ересектерге арналған кітапхана, би үйірмелері, тілді  үйрету орталығы сияқты бөлмелер   қызмет көрсетеді. Әрине, 6800 халық тұратын ауылда өзекті мәселелер де жоқ емес.

Қырғызбай Хабиев- ауыл тұрғындары \Рай центрден алыспыз. Қазіргі медицинаның заңы бойынша әркім өзінің бекітілген адамдарын алады. Мына сырттан келгендерді қабылдамайды.Ең болмаса былай жөнді қарамайды.Асадан осы жерге дейін 45 км.Қатты ауырған кездерде, жетіп үлгере алмай жатыр. Осымен 4 жыл болды айтып келгенімізге.Жазыпта жатырмыз.Ауданның жартысына больницамызды қайтарсын.\

Бұдан соң, Шакир ХахазовЖалпақтөбе ауылындағы 280 орындық «Болашақ» балабақшасына барды. Бөбекжай 2015жылы «Балапан» бағдарламасы негізінде соғылып,ел игілігіне берілген.Жұмысшы  топтың барған келесі нысаны ауылдағы шұжық шығаратын «Достар» цехыболды.Өндіріс орны  өз өнімдерінің көп түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда шұжықтың 40-тан аса түрі шығарылады.

Сайд Берсанукаев-«Достар» ЖШС-нің директоры \2014 жылдан бастапосы ауданда шұжық өндірудеміз. Ол кезде бұл өндіріс орнында 15-ақ адам жұмыс істейтін. Қазір кәсібіміз жанданып,үлкен өндіріс орнына айналдық. Қазір мұнда 35 адам тұрақты жұмыс атқаруда.Техникалық құрал-жабдықтарымыз жақсарып келеді.\

Шакир Хахазов-ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты \Біз Жамбыл ауданында жүрміз.Өздерініз көріп тұрғандай шұжық өндіретін цехтың жұмысымен таныстып. Жаман емес. Айта кету керек.Бұл ауданда расында да атқарылып жатқан шаруалар баршылық. Жергілікті халық жұмыспен қамтылған, тұрмыстары жақсы. Бұл әрине қуантарлық жағдай.\

Бұдан соң,мәжіліс депутаты қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тындады. Барлық жағдайды жіті тыңдап, өз көзімен халықтың тыныс-тірішілігімен танысқан депутат  шешілмеген мәселелерді  алда қарастыратындығын айтты.

 

Гүлзат Сейдуллақызы, Сапар Серікұлы  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...