ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘН АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

20:23, 16 қазан 2019

 

Таразда «Аспара fashion week» сән апталығы басталды. Халықаралық деңгейдегі көрсетілімге   көршілес Қырғыз, Тәжік мемлекетінің дизайнерлерімен қатар әлемдік брендттерімен танымал Италия,  Россия және Болгария елдерінен  арнайы меймандар шақыртылды.

Осымен 4-ші жыл қатарынан өтіп жатқан апталық отандық дизайнерлерге халықаралық аренада өз өнімдерін жарнамалауға үлкен мүмкіндік болмақ.

Бұл көйлектер өзіміздің дизайнерлердің қолынан шыққан дүниелер. Қазір елімізде сән саласында жүргендердің  басым бөлігі ұлттық нақыштағы киімдерді тігеді. Өйткені, қоғамның өзінде оюлы-өрнекті, кестелі киімдер сұранысқа ие дейді, мамандар.

Қазақстандық дизайнерлер неофольклор стиліндегі топтамаларды таныстырды. Қонаққа, балаларға, күнделікті  деп бөлінген киімдердің көпшілігі қазақи  нақышта жасалған. Себебі, талғамы биік тұтынушылардың қызығушылығы қазір осы бағытқа ауған. Қолөнершілер, тіптен дәстүрлі брендттеріміз  шет елге сатылымға жіберілетінін айтады.

Айдархан ҚАЛИЕВ, «АСЫЛ-ДИЗАЙН» СӘН ҮЙІНІҢ  БАС ДИЗАЙНЕРІ

Апталықта  Европа мен Азия елдерінен 20-ға жуық дизайнердің туындылары ұсынылды. Көрсетілімге жеңіл өнеркәсіптің дамуына қызығушылық танытатын қонақтар, оның ішінде алыс-жақын шет елден арнайы келгендер көп болды. Олар мұндай  мәдени кеш шебердің шығармашылығын шыңдап, әр дизайнерді жаңа идеяларға шабыттандырады, дейді.

Марианна МИЧЕЛИ, «МИЛАНО» СӘН ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ (ИТАЛИЯ)

Сән апталығы аясында қонақтар көне шаһардың керемет жерлеріне  саяхаттайды.  Ұйымдастырушылар тарапынан туризімді дамыту мақсатында мұнан өзге де көптеген мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Тақырып бойынша материалдар

МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
20:45, 18 қараша 2019
МІНДЕТІН ОРЫНДАЙ АЛМАҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШ АЙТЫСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...