Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңеюде

16:35, 13 қыркүйек 2017

2017 жылдың 8  айында Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті 1,5 млн. нан астам қызмет көрсеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Бүгінгі таңда облыста 21 фронт-офис болса, оның 5-еуі қалалық, 10 аудандық, 1 мамандандырылған, 1 ауылдық бөлім және 4 сектор жұмыс атқаруда. Одан бөлек мемлекеттік корпорация арқылы 548 қызмет көрсетіледі. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалынуда. Олар мұндай қызмет түрін үйлерінде ала алады. Орталық қызметкерлері құжаттарды беру мен қабылдауды, электрондық цифрлық қолтаңба беруді жүзеге асырды. Түрлі кеңестер береді. Есепті кезеңде нақ осындай 2332 қызмет түрі көрсетіліпті. Есту және сөйлеу қабілетінде ақауы бар жандарға кедергісіз қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерінде 34 сурдоаудармашы жұмыс істейді. Айта кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Аталған жобалар қызмет алушылардың уақыттарын үнемдеуге бағытталған.

Данияр Медетбеков, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан болатын. Оның аясында корпорация қызметкерлері перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алады. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою

Қымбат Қаржауқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
20:22, 25 қыркүйек 2017
Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
Толығырақ...
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
19:38, 25 қыркүйек 2017
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
Толығырақ...
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
19:36, 25 қыркүйек 2017
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...