ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ!

14:36, 18 маусым 2019

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы Меркі  ауданында сәтті жүзеге асуда. Өз кәсібінен нәсібін тауып, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырғандармен тілшіміз Ш. Мұратбекұлы сұхбаттасып келді.

Жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес! Меркі  ауданында «Еңбек» бағдарламасының шапаратын көріп отырғандар аз емес. Сөзімізге дәлел, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 360  азамат кәсіптік білім алған. Екінші бағыт бойынша,  ақылы қоғамдық жұмысқа 400 адам тартылыпты.  Ал, жастар тәжірбиесімен 102 маман жұмыс істеуде.

Жалғас БАХРАМОВ – аудандық  халықты жұмыспен қамту орталығының маманы  

Уалихан Құлбай оқудан соң  ауылға келіп, «Еңбек» бағдарламасына  құжаттарын өткізіп көреді. Нәтижесінде Жамбыл ауылдық округіне жұмысқа орналасады.

Уалихан ҚҰЛБАЙ  – Жамбыл ауылдық округінің маманы

Ал, Нұрлан Сейсембаев пластик терезе жасайды, мал шаруашылығымен айналысады. Алғашында өз кәсбін фотограф болып бастаған ол бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отырған белгілі кәсіпкер.

Нұрлан СЕЙСЕМБАЕВ – Жеке кәсіпкер

Кәсіпкер ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтып, кәсібін дамытуды  жоспарлап отыр. Оның ендігі мақсаты – тігін шеберханасын ашып, нәзік жандыларды жұмысқа тарту.

Бауыржан ТАУБАЕВ – Жұмысшы

Осылайша,   жұмыссыз жүргендер өз қалаған жұмысына орналасып, кәсіпкерліктің көк жиегін кеңейтем дегендер өз кәсбінен - нәсібін тауып отыр. Бұның өзі мемлекеттік бағдарламаның ауданда жоғары деңгейде іске асырылып жатқанын көрсетеді.   

Ш. Мұратбекұлы, Р. Сандыбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
20:20, 21 қараша 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...